Құтқарушылар мен «Ауыл құтқарушылары» еріктілері Волчанка ауылында шыққан өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, үйдің ағаш конструкциялары жанған. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып Волчанка ауылының «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жетті. Кейін өрт сөндіруге ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері қосылды.
Бірлескен әрекеттің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Пікірлер