Мұның алдында түрлі дереккөзде өскемендік ұжымның бас бапкерінің басқа клубқа ауысуы мүмкін деген алып-қашпа ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды
Журналист Елдар Аманбаевтың мәліметінше, Қазақстан футболындағы тәжірибелі мамандардың бірі Вахид Масудов алдағы маусымда да өскемендік футбол ұжымын жаттықтырады. Клуб басшылығы 67 жастағы бапкермен серіктестікті жалғастыру жөнінде келісімге келген.
Масудов Шығыс Қазақстан командасын 2024 жылдың бел ортасынан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен «Алтай-Өскемен» 2025 жылы Премьер-лигаға қайта оралды. Ал 2026 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.
Сонымен қатар клуб басшылығы алдағы маусымда команданың негізгі құрамын сақтап, жетекші ойыншыларды қалдыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Македониядан келген жартылай қорғаушы Дарко Додев те «Алтай-Өскемен» сапында алаңға шығады.
Фото: KazFootball.kz
Пікірлер