455.12 498.99 5.55
A+ A A-

ШҚО-да «Есірткісіз болашақ – саналы таңдау» атты диалог алаңы өтті

ШҚО-да «Есірткісіз болашақ – саналы таңдау» атты диалог алаңы өтті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Есірткісіз болашақ – саналы таңдау» диалог алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, есірткіге қарсы күрес, нашақорлықтың алдын алу, оның адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін зиянды салдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және әрбір азаматтың өз болашағына жауапкершілікпен қарауы жөнінде пікір алмасу өтті. Қатысушылар есірткісіз қоғам қалыптастыруда жастардың белсенді азаматтық ұстанымы мен саналы таңдауының маңыздылығына назар аударды.

Диалог алаңының негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпақтың жауапкершілігін нығайту.

Мұндай кездесулер - жастардың өзекті әлеуметтік мәселелерге қатысты көзқарасын қалыптастырып, құқықтық мәдениеті жоғары, жауапты әрі салауатты қоғам құруға бағытталған маңызды алаң.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив