Аудан әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы мақұлданған жобалар етті қой шаруашылығын дамытып, жартылай фабрикаттар өндіруге бағытталғанын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, юиыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 145,1 млн теңгеге 9 жоба қаржыландырылды.
– Бағдарлама ауылдың дамуына, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге, тұрғындардың табыстарын ұлғайтуға, өмір сүру жағдайларын жақсартуда өз нәтижесін беріп жатыр. Мақұлданған жобалар етті қой шаруашылығын дамытуға, жартылай фабрикаттар өндіруге, туризмді дамытып, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бағытталған, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Пікірлер