Аудан әкімдігі мәліметінше, келер жылы орталықтағы Абылайхан көшесін қайта жаңғырту көзделіп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, биыл Алтынбел – Үштөбе автомобиль жолы жөндеуден өтті.
– Алдағы жылы да аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Үлкен Нарын ауылында орталықтағы Абылайхан көшесін қайта жаңғырту көзделген. Сонымен қатар, Ново-Поляковка ауылындағы Абай, Шапорев және Достық көшелеріне орташа жөндеу жүргізу, аудандық маңызы бар «Ново-Поляковка – Сенное» автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда, – деді аудан әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы.
Бұдан бөлек, Ново-Хайрузовка ауылындағы Юбилейная, Степная, Больничная көшелеріне, Солдатово ауылындағы Достық, Жастар, Астана және Мереке көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.
Пікірлер