Ұялы байланыс пен мобильді интернет сапасын жақсарту мақсатында Үлкен Нарын мен Жұлдыз ауылдарында биіктігі 25 метр болатын үш антенна-мачталық құрылыс салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлының сөзінше, Егінді, Сенное және Приморское ауылдарында Starlink спутниктік байланыс жабдықтары орнатылды. Бұдан бөлек, Жұлдыз ауылдық клубы OneWeb спутниктік байланыс жабдығымен қамтылды.
– Аталған жүйелер спутниктік сигналды қабылдап, оны Wi-Fi желісі арқылы таратуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шалғай елді мекендердің тұрғындары интернет желісіне қол жеткізеді, – деді ол.
Пікірлер