458.28 501.45 5.59
A+ A A-

Өскеменде Қабдеш Жұмаділов шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті

Өскеменде Қабдеш Жұмаділов шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

20 қараша күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қалам мен тағдыр үндестігі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тағылымды кездесудің негізгі мақсаты – қаламгердің бай әдеби мұрасын насихаттап, шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды, тарихи таным мен ел тағдырына қатысты өзекті мәселелерді кеңінен талқылау. Дөңгелек үстелді жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әскерхан Ақтай жүргізді. 

– Кездесу барысында спикерлер жазушының өмір жолы мен шығармашылық әлеміне қатысты мазмұнды мәліметтер ұсынып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен туындыларының тарихи-танымдық маңызы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль иегері, тарихшы-ұстаз Қабыш Балтекенов, этнограф Ермек Кәрімбек және ардагер кітапханашы, өлкетанушы Гүлзира Жұмағұлова қаламгер шығармаларындағы ел мен жер тағдыры, ұлттық болмыс, тарихи жады және ұрпақ сабақтастығы тақырыптарына тоқталды, – деді ұйымдастырушылар. 

Жиын аясында Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2026 жылы жалпыұлттық оқуға ұсынылған жазушының «Тағдыр» романына ерекше назар аударылды. Кездесу соңында қатысушылардың білімін саралап, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында әдеби викторина өткізілді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив