Қала полицейлері жылжымайтын мүлікті сату келісімінен соң жасалған ірі көлемдегі ұрлықты ашты. Күдікті жәбірленушінің танысы болып шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
48 жастағы қала тұрғыны пәтерін сатып 8 миллион теңге алған. Алайда ақшаны қараусыз қалдырған сәтте бүкіл сомасынан айырылған. Полицейлердің анықтауынша, 26 жастағы танысы осы жағдайды пайдаланып, оның ақшасын жымқырған.
– Қомақты көлемде ақша жоғалғанын байқаған ер адам полицияға жүгінген. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Egemen.kz
Пікірлер