458.57 501.54 5.57
A+ A A-

Мұз қалыңдығы 25 см-ден асса, құтқару кеудешесін киіңіз – ШҚО құтқарушылар ескертті

Мұз қалыңдығы 25 см-ден асса, құтқару кеудешесін киіңіз – ШҚО құтқарушылар ескертті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыс құтқарушылары мұз үстіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған 100-ден астам рейд өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Рейд барысында құтқарушылар балықшыларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, ауа райының құбылмалы болуына байланысты мұздың барлық жерде бірдей берік емес екенін ескертуде. Сондай-ақ қысқы балық аулауды ұнататын азаматтарға мұз үстінде болған кезде өздерімен бірге қандай қауіпсіздік құралдарын алып жүру қажеттігі түсіндіріледі.
– Қалыңдығы 25 сантиметрден аз мұз үстіне шыққанда өзіңізбен бірге құтқару кеудешесі мен ысқырық болуы қажет. Сонымен қатар ұзындығы 2 метр таяқ немесе 12 метр арқан алған жөн. Олар суға батып бара жатқан адамды құтқаруға көмектеседі. Ал мұз ойғыш ілмектер мұз астына түсіп кеткен жағдайда судан өз бетіңізше шығуға мүмкіндік береді. Негізгі назар профилактикалық жұмыстарға аударылып отыр: тұрғындарға шұғыл қызметтердің нөмірлері ескертіліп, қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау әр азаматтың жеке жауапкершілігі екендігін атап өткен жөн, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құтқарушылар азаматтарды мұқият болуға және жұқа мұз үстіне шықпауға шақырады. Ешбір балық аулау өміріңізге төнетін қауіпке тұрмайды. Департамент өкілдері адам үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болуы керектігін айтты. 
– Қараңғыда және көріну мүмкіндігі нашар кезде мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынады. Мұз үстімен автокөлікпен жүруге болмайды. Ата-аналар балаларға мұз үстінде жүрудің қауіпті екенін түсіндіруі қажет, – делінген ақпаратта.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив