458.57 501.54 5.57
A+ A A-

Ұлан ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Ұлан ауданында жаңа спорт кешені ашылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бозанбай ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған заманауи екі қабатты нысан ауыл тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен тұрақты айналысуға мүмкіндік береді.
Спорт кешенінің жалпы ауданы - 1 225,3 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың мамыр айында басталып, өткен айда толық аяқталды.
Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Ол спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары тек қалалармен шектелмей, елді мекендерді де қамтуы керектігін атап өтті.
– Тұрғылықты жеріне қарамастан, әр тұрғын спортпен айналысуға және заманауи инфрақұрылымды пайдалануға мүмкіндік алуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та еліміздің ауылдарында осындай жағдай жасаудың маңыздылығын үнемі айтып келеді, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 1 658 спорт нысаны жұмыс істейді. Тағы сегіз нысанның құрылысы әртүрлі кезеңде. Олардың қатарында Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім, Риддер және Зайсан аудандарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Өскемен қаласындағы волейбол орталығы және басқа да нысандар бар.
– Жаңа спорт кешені - жай ғана ғимарат емес, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен болашағына салынған инвестиция. Бұл нысан ауылдың спорттық әрі қоғамдық өмірінің орталығына айналып, талай жаңа жетістіктер мен жеңістерге жол ашады деп сенемін, - деді аймақ басшысы.
Бозанбай тұрғындары үшін жаңа кешеннің ашылуы - көптен күткен қуанышты оқиға. Енді ауыл тұрғындары осында спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.
Бұл дене шынықтыру-сауықтыру кешені жергілікті тұрғындардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ауылды жердегі өмір сапасын арттыруға да үлес қосады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив