458.57 501.54 5.57
A+ A A-

Зайсан ауданында сақ қорғандарын заңсыз қазғандардың техникасы тәркіленді

Зайсан ауданында сақ қорғандарын заңсыз қазғандардың техникасы тәркіленді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Шағаноба археологиялық кешені аумағында жүргізілген заңсыз қазба жұмыстарына қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мамандар кешендегі жер қазу жұмыстарының сипаты мен келтірілген ықтимал залалды бағалау үшін тағайындалған сараптамаларды жүргізіп жатыр. Ал оқиғаға қатысы бар азаматтар қосымша құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылған.

- Атап айтқанда, техниканы тізгіндеген жүргізушілерге көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. Ал арнайы техника тәркіленіп, айып тұрағына қойылды. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайларын жариялауға тыйым салынған, -  деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен. 

Еске салсақ, оқиға 13 қарашада «Шағаноба» археологиялық кешені аумағында болған. «SRS» ЖШС-не тиесілі техниканы пайдаланып, бұған дейін қазылған шұңқырларды топырақпен көму жұмыстары жүргізілгені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 295-бабымен археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив