458.57 501.54 5.57
A+ A A-

Шемонаиха ауданында 3 балықшы суға батып кетті

Шемонаиха ауданында 3 балықшы суға батып кетті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Шемонаиха ауданында үш балықшы жұқа мұз ойылып, суға батып кетті. Қаза тапқандардың ешқайсысында құтқару кеудешесі болмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ертіс өзеніне балық аулауға барған үш ер адам толық қатпаған мұздың үстіне шығып, суға кеткен.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмдар 1984, 1960 және 1967 жылы туған. Олардың денесін ТЖД сүңгуірлері судан алып шыққан.

Ведомство өкілдері қайғылы жағдайға мұздың жұқалығы және балықшылардың құтқару кеудешелерін кимеуі себеп болғанын атап өтті.

Осыған байланысты ТЖД тұрғындарға ескерту жасады. Мамандар алғашқы аяз түскеннен кейін су айдындары мұз құрсана бастағанымен, бұл оның үстімен жүруге қауіпсіз дегенді білдірмейтінін еске салды. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив