458.57 501.54 5.57
A+ A A-

Ұлан ауданында жылына 150 млн жұмыртқа өндіретін жаңа құс фабрикасы салынады

Ұлан ауданында жылына 150 млн жұмыртқа өндіретін жаңа құс фабрикасы салынады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін Таврия ауылында «ALTAY QUS» ЖШС-ның жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жобаның жалпы инвестициялық көлемі - 5,5 млрд теңге. Жоспар бойынша жалпы қуаттылығы 480 мың құсқа арналған бес құс қорасы салынады. Кәсіпорын жыл сайын 150 млн данаға дейін тағамдық жұмыртқа және 400 тонна құс етін өндіре алады.

Жобаның Ұлан ауданы үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы ерекше. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін мұнда 150 тұрақты жұмыс орны ашылады. 

Жалпы, Шығыс Қазақстан үшін өз агроөнеркәсіптік өндірісін дамыту принципті маңызға ие.

- Инвестициялық жобалардың тек жаңа өндірістік қуаттарды құрумен шектелмей, өңірге нақты пайда әкелуі біз үшін аса маңызды. Олар жергілікті өндірісті дамытуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға, салық базасын кеңейтуге және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етуі тиіс. «Altai Qus» құс фабрикасы Ұлан ауданының экономикалық өсімінің жаңа нүктесіне айналып, Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосады деп сенемін, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив