Серебрянск қаласында 26 жастағы ер адам мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз Mercedes-Benz көлігін басқарған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, көлікті полиция қызметкерлері тоқтатып, медициналық тексеру жүргізген. Нәтижесінде ер адамның мас екенін расталды. Сондай-ақ оның ешқашан жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.
Сот іс материалдарын қарап, құқық бұзушыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Пікірлер