Өскемен қаласының аумағында 2026 жылғы 10 қарашадан 2027 жылғы 3 қаңтарға дейін «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық полиция басқармасы мәліметінше, іс-шараның негізгі мақсаты – сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың
заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – 16-30 қараша аралығында, екінші кезең – 2026 жылғы 25 желтоқсаннан 2027 жылғы 3 қаңтарға дейін.
– Іс-шара барысында полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды сататын сауда орындары тексеріледі. Өнімдердің сертификаттарын, сатуға рұқсат құжаттарын, сақтау және тасымалдау талаптары сақталуын бақылауды жүзеге асырады, – делінген ақпаратта.
Тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған сауда орындарынан сатып алуға кеңес беріледі. Олардың сертификаты мен пайдалану нұсқаулығына назар аудару маңызды дейді.
– Заңсыз сату фактілері немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайлар анықталғанда полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет, – делінген ақпаратта.
Фото: Zakon.kz
Пікірлер