A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 17:05 0

Бердібек Сапарбаевты еске алу турнирі өтеді: жүлде қоры – 1 млн 800 млн теңге

Бүгін / ШҚО / Спорт

Өскеменде мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған әуесқой командалар арасында футболдан IV ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ала доп бәсекесі 23-25 қазан аралығында «Восток» стадионында өтеді. 

Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, футболшылардың шеберлігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Үш күнге созылатын жарыста командалар өзара мықтыны анықтап, жеңіс үшін бақ сынайды. Көрермендерді тартысты матчтар, қызықты ойындар мен жарқын футбол сәттері күтеді!

Қала әкімдігі мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 800 000 теңге.

I орын – 1 000 000 теңге

II орын – 500 000 теңге

III орын – 300 000 теңге

Фото: kazpravda.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив