A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:20 0

«Дели – Өскемен» бағыты бойынша әуе рейсі ашылуы мүмкін

Бүгін / Басты / Өскемен

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангальмен кездесті. Бұл елшінің Шығыс Қазақстанға алғашқы сапары болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында тараптар өңір мен Үндістан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар бағытты талқылады.
Нұрымбет Аманұлы туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін Өскемен – Дели бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін атап өтті.
– Ұсыныстардың бірі – «Дели – Өскемен» бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашу. Мұндай әуе қатынасы туризмге де, іскерлік байланыстарға да жаңа серпін береді. Шығыс Қазақстан этнографиялық, сауықтыру және белсенді туризмді дамыту үшін бірегей мүмкіндіктерге ие. Әсіресе Марқакөл мен Катонқарағай аудандарының әлеуеті зор, – деді әкім.
Сонымен қатар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың да әлеуеті жоғары екені айтылды. Атап айтқанда, Өскемен титан-магний комбинатымен өзара байланысты дамыту мақсатында Үндістаннан маман шақыруға жәрдемдесу туралы келісім жасалған.
Кездесуде өңірге Үндістаннан инвестиция мен заманауи технологиялар тарту, өңір аумағында өндірілетін өнімдерді Үндістан нарығына шығаруды кеңейту мәселелері де қозғалды.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан мен Үндістан штаттары арасында тікелей байланыс орнату мүмкіндігі қарастырылды

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив