Тоқты
Қазір сізге эмоцияңызды сақтай білген жөн. Әсіресе жұмыста жүргенде сабыр суыңыз сарқылмасын. Апта басында романтикалық кездесу күтіп тұр. Барынша сақ болыңыз. Алғаш жолықтырған адамыңыз орта жолда қалдырып кетуі мүмкін.
Торпақ
Бірнеше аптадан бері кенедей жабысқан ұсақ-түйек шаруалардан қолыңыз босап, бас қатырар мәселелерден арыласыз. Ол үшін ешнәрсе істеудің де қажеті жоқ. Жеке өміріңіз жайлы ел-жұртқа тіс жара бермеңіз, себебі қуанышыңызды көре алмайтындар қаншама.
Егіздер
Апта соңында жұмыста оң өзгерістер болады. Ол күнге жету үшін көп еңбек сіңірдіңіз. Сондықтан бейнеттің зейнетін көруге қақыңыз бар. Қаржылық тұрғыда жағдайыңыз біршама жақсарады.
Шаян
Тағдырыңызға қатысты ауыз толтырып айтарлықтай өзгеріс болғалы тұр. Өміріңізде күтпеген жерден ескі таныстарыңыз пайда болып, сізден көмек сұрайды. Барлығыңың қас-қағым сәтте болғаны сонша, бас тартып үлгермейсіз.
Арыстан
Керегі жоқ заттардан арылудың мерзімі жетті. Мәселе пәтердегі тазалық жөнінде. Әзірге жұмыс жақты ойламаған жөн. Ол жақта бәрі орынша, айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Өз тарапыңызға айтылған сынды көтере алмауыңыз мүмкін.
Бикеш
Әзіл көтермейтін мінезіңіз аяғыңызға тұсау салуы мүмкін. Себебі ұжымға сіңе бастағаныңызда бастығыңыз әрнені бір қозап, сізбен аз-кем әзілдеспек болады. Осы кезде кей пікірлермен келіспей, көңіл-күйіңіз түсіп кетеді.
Таразы
Қазір сіз үшін қауырт шақ. Көп жағдайда үлгермей, кей жерлерге кешігіп қаласыз. Демалыс күндері жүрегіңіз қалаған нәрсемен айналысыңыз. Бала-шағаңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.
Сарышаян
Басы бос нәзік жандылар жуықта сүйгенін жолықтырады. Айналаңызда жүрген ер-азаматтарға бір сәт көз тастаңыз. Солардың ішінде өзіңіз іздеген жан жүруі мүмкін. Туысқандарыңыз басына түскен істі айтып, көмек сұрайды.
Мерген
Қазір әуре-сарсаңға көп түсесіз. Сол тұрғыда абдырап, қам жеудің еш қажеті жоқ. Жұлдыздар бұл кезеңде ұшақпен сапар шекпеуге кеңес береді. Кейбір Сарышаяндар әлдеқайда тиімді қызметке ауысып қалулары кәдік.
Тауешкі
Киім ілетін шкафта тозығы жеткен киімдеріңіз болса тізімнен шығарыңыз. Оған қоса жаңа дүниелер сатып алатын уақыт жеткен сияқты, себебі айналаңызда көпшілігі басқан қадамыңызға көз тігеді.
Суқұйғыш
Жаңа қырыңызды ашуға достарыңыздың едәуір септігі тиеді. Ал қаражат мәселесіне келгенде таныстарыңызбен кеңесіп, жөн сұраудың еш реті жоқ. Қолда бар ақшаны ұсақ-түйекке емес, көзге көрінер нәрсеге жұмсаңыз.
Балықтар
Апта басында жалқаулық пен немқұрайлықты ұмытсаңыз еңбегіңіз еселеніп, қомақты қаржыға қол жеткізуіңіз мүмкін. Мәнсап жолында сөзсіз өрлейсіз. Жұлдыздар дүние-мүлікке қатысты қандай да бір айырбас жасамауға кеңес береді.
Пікірлер