A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 14:30 0

Өскеменде 90 мың тонна көмір сатылды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде тұрғындарға қажетті 155 мың тонна көмірдің 90 мың тоннасы сатылды. Қазір қаладағы 6 қоймада 5265 тонна көмір бар. Тағы 40 вагон жолда. 
Жалпы, шаһарда шамамен 29 500 жеке үй бар, оның 24 500-і көмірмен жылытылады.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаевтың айтуынша, қара отынның бағасы тоннасына 17 700-ден 18 000 теңгеге дейін сатылуда. Әлеуметтік осал топтар үшін тоннасы 17 200-ден 17 500 теңгеге дейінгі субсидияланған отын қолжетімді.
Көмір жеткізуге әлеуметтік тариф те қолданылады. Бұл қызметті пайдалану үшін тұрғындар жергілікті әкімшілік орталықтарына хабарласуы керек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив