A+ A A-

talgatzhan 99 Бүгін, 12:25 0

ШҚО-да екі кәсіпорынның жалақы бойынша берешегі бар

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның айтуынша, жалақының уақтылы төленбеу мәселелері мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауында. Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және берешекті өтеу бағытында тиісті шаралар қабылданып жатыр.
– Жалақының уақтылы төленбеу мәселелері мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан жедел шешіледі және тұрақты бақылауда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 293,62 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі өтеліп, 964 жұмыскердің құқығы қорғалды, – деді ол. 
Департамент басшысының мәліметінше, қазір жалақы бойынша берешек екі кәсіпорында тіркелген. Атап айтқанда, «Востокмашзавод» АҚ-ның 11 жұмыскеріне 8,7 млн теңге, ал «ГК ТОПАЗ» ЖШС-нің 8 жұмыскеріне 7,8 млн теңге көлемінде жалақы төленбеген.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын бақылауды жалғастырып, жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесіне назар аударып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив