A+ A A-

talgatzhan 58 Бүгін, 12:20 0

«Жығылғанға жұдырық»: ҚФФ «Алтай Өскеменге» айыппұл салды

Бүгін / Өскемен / Спорт

Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лига клубтарына түрлі тәртіп бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 4,41 млн теңге айыппұл салды. Тізімге «Алтай Өскемен» де ілікті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Informsports.kz мәліметінше, 25 қыркүйекте өткен Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті отырысында чемпионаттың 6, 25 және 26-турларында болған оқиғалар қаралды.
Комитет шешімі жанкүйерлердің пиротехника қолдануы, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, матчтардың уақытынан кеш басталуы және ойыншылардың бірнеше рет ескерту алуы сияқты жағдайларға байланысты қабылданған.

«Алтай Өскемен» «Қайсармен» кездесуде жанкүйерлерінің файер қолданғаны үшін 60 АЕК айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұған қоса, бес футболшысының сары қағаз алғаны үшін клубқа тағы 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Осылайша, жалпы сома 160 АЕК болды. Сондай-ақ қақпа торының бүлінуіне байланысты матчтың үш минут кеш басталғаны үшін командаға ескерту жасалды. Желіде пікір қалдырған жанкүйерлер мұны «жығылғанға жұдырық» деді.

Дәл осындай мөлшерде «Жеңіс» пен «Каспий» клубтары да айыппұл арқалады. «Жеңіс» «Ақтөбеге» қарсы ойынның бес минутқа кеш басталып, бес футболшысының ескерту алғаны үшін жазаланды. Ал «Каспийге» жанкүйерлердің балағат сөздері, пиротехника қолдану, матчтың ресми тұлғасын қорлау және дрон ұшыру деректері бойынша айыппұл салынды.

Айта кетейік, қазір ҚПЛ-дың турнирлік кестесінде «Алтай Өскемен» 14-орында келеді. Ал павлодарлық «Ертіс» бір саты жоғары, 13-орында тұр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив