A+ A A-

talgatzhan 50 Бүгін, 13:30 0

Катонқарағай ауданында диспетчерлік пункт ашылды: қызметі қандай?

Бүгін / Басты / Катонқарағай

Катонқарағай ауданында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің жаңа модульдік диспетчерлік пункті ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысты. Облыстық ТЖД мәліметінше, нысан бюджеттен тыс қаражат есебіне салынған. Бақылау учаскелеріне алғаш рет су деңгейін өлшеп, сел қаупін дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін арнайы датчиктер орнатылды. Жаңа жабдық гидрологиялық жағдайдың өзгерісін бақылап, ықтимал қауіп туралы мәліметті жедел алуға жол ашады.
Бөлімше мамандары сел, қар көшкіні және жер көшкіні қаупі бар аумақтарды бақылайды. Олардың бақылауында Бұқтырма мен Сарымсақты өзендерін қосқанда, 98 мұздақ көл бар.

 

Жаңа модульдік ғимаратта жұмыс орындары жабдықталып, жылу, электр қуаты, интернет және радиобайланыс жүйелері жүргізілген. Бақылау учаскелеріне шығу үшін автотұрақ қарастырылып, көлікпен қамтамасыз етілген.
Бұған дейін бөлімше қызметкерлері жалға алынған ғимаратта жұмыс істеген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив