A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:15 0

ШҚО-да қытайлық инвестор жұмыс жүргізіп жатқан шахтаны экологтар тексеріп жатыр

Бүгін / ШҚО

Облыстық экология департаменті Глубокое ауданындағы кеніште жұмыс жүргізіп жатқан Dengbo Success Minerals Ltd жекеменшік компаниясына жоспардан тыс тексеріс жүргізетінін мәлімдеді. Бұған Верхнеберезовка ауылы тұрғындарының әлеуметтік желіде жариялаған жазбалары себеп болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Hronika.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған қытайлық компания 2024 жылдан бері Глубокое ауданындағы консервацияланған мыс пен мырыш кенін өндіруге дайындалып жатқанын жазған. Жобаны жүзеге асыру үшін кеніштен шамамен 90 мың текше метр суды сорып шығару қажет. 

Жоспардан тыс тексеру кеніш суының төгілуі мен компанияның экологиялық заңнама талаптарын сақтауын зерделейді. Экологтар бұл нысанға алғаш рет барып отырған жоқ. 27 қыркүйекте департамент мамандары кәсіпорынды тексеріп, кеніштің ашық порталынан судың өздігінен ағып жатқанын анықтаған. Одан бөлек, мұндай жағдайдың бұрыннан жалғасып келе жатқаны белгілі болды. Алайда сол тексеру қорытындысында жүргізілген зертханалық талдау су сапасының өзгергенін анықталмады.

Егер жаңадан тағайындалған тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталса, компанияға оларды жоюға нұсқама беріліп, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істер қозғалады. Экология департаменті барлық тексеру шарасы аяқталған соң қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Hronika.kz сайты ақпаратынша, кен өндіру бастамасы 2024 жылдың соңында тіркелген және оны қытайлық Xinjiang Dengbo New Energy Co. Ltd. компаниясына тиесілі Dengbo Success Minerals Ltd. көтерген. Жобаны жергілікті жерде «Шығыс Қазақстандық САКСЕСС МИНЕРАЛС ЛТД» мен «Нурслан» ЖШС жүзеге асырмақ.

Аталған материал жарияланғанда компания жер қойнауын пайдалануға лицензия алмаған. Тек қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін бастауға қажетті жоспарланған қызмет туралы өтініш берген.

Глубокое ауданы әкімі Эльдар Тумашинов сол кезде жобаның болжамды өндірістік қуаты жылына 8 мың тоннаға дейін мыс концентраты мен 2 мың тоннаға дейін мырыш концентратын құрайтынын хабарлаған. Сондай-ақ жоба аясында 250-ге дейін жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Алайда кеніштен суды сорып шығару кезінде кент тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен инвестордың әлеуметтік міндеттемелеріне қатысты толық ақпарат сол кезде жарияланбаған. Аудан әкімдігі бұл мәселелер кейінірек пысықталатынын айтқан.

Фото: kuzbass.aif.ru

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив