A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:50 0

Төтенше жағдай министрлігі «Ата-анаңның үйін тексер» акциясын бастады

Бүгін / Республика

Министрлік азаматтарды ата-анасы мен жақындарының үйіне барып, қауіпсіздік жағдайын тексеруге шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қарттар қиналып қалуы мүмкін

Мамандар сөзінше, жылыту маусымы басталғанда бұл мәселеге ерекше назар аудару маңызды. 

– Қарт адамдар мен жүріп-тұруы қиын жандар қауіп-қатерді өздігінен байқауға, ақауларды жоюға, әсіресе олар жалғыз тұратын болса, өрт орын алған жағдайда үйден тез шығуға қиналуы мүмкін, – делінген ақпаратта.

  ТЖМ азаматтарды ата-анасы мен жақындарының үйіне барып, сымдардың бүтіндігін, розеткалар мен электр құралдарының қызып кетпегенін, пеш пен жылытқыштардың жарамдылығын, түтін мұржасының тазартылғанын қарау қажет.

  Одан бөлек, пеш пен жылытқыштардың жанында тұтануы мүмкін заттардың жоқтығын, өрт туралы хабарлағыштың бар-жоғына да мән беру керек.

Көршіңізге де көңіл бөліңіз

  Ақаулар анықталса, мамандарды жұмылдыра отырып, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесіңіз. Жақындарыңызды қауіп-қатермен жалғыз қалдырмаңыз.

  – Акция аясында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жалғыз тұратын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға профилактикалық сапарлар жүргізеді, – делінген ақпаратта.

Қажет болған жағдайда тұрғын үй қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және бар тәуекелдерді ескере отырып, өрт датчиктерін орнатуда практикалық көмек көрсетілетін болады.

  – Жалғыз тұратын қарт көршіңізге де көңіл бөліңіз. Мүмкін, оған көмектесетін басқа ешкімі жоқ шығар. Қамқорлық «Денсаулығыңыз қалай?» деп сұраумен ғана шектелмейді. Оның үйінде қауіпсіздік талаптарының сақталғанына көз жеткізу де маңызды, – дейді мамандар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив