448.72 493.86 5.49
A+ A A-

Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды

Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

- Баршаңызға мәлім, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары ауыл әлеуетінің артуына, тұтас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосуда. Сіздер ата кәсіпті абыроймен атқарып, ұлтымыздың игілігін еселеп жүрсіздер. Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды. Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды. Егіннің бітік болуы – молшылық пен тоқшылықтың кепілі. Бұл – еліміздегі әр шаңырақ ырысқа кенеліп, дастарханымыз берекелі болады деген сөз.Мен  бүгін диқандар қауымына және осы салада еңбек етіп жүрген барша азаматқа алғыс айтамын, -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының стратегиялық бағыты екенін айтты.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив