448.72 493.86 5.49
A+ A A-

ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы басталды

ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы басталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

20-22 қараша аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтеді. Патрульдік жасақтар көшелер мен саябақтарды, басқа да қоғамдық орындарды аралап, профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексереді.

Сонымен қатар шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтауына, тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдау деректерінің алдын алуға ерекше назар аударылады.

Шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге жол бермеу.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналада болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауға шақырады. Құқық бұзушылық немесе күдік тудыратын жағдай байқалған жағдайда «102» нөміріне хабарласыңыздар.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив