458.85 503.5 5.59
A+ A A-

Құйғанда өртке қарсы құралым ашылды

Құйғанда өртке қарсы құралым ашылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Күршім ауданында Құйған ауылдық округіне қарасты Құйған кентінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өртке қарсы құралым ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өрт сөндіру бекеті жалпы саны 1 200 адамды құрайтын үш елдімекен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның ашылу салтанатына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, Күршім ауданының басшылығы, ауылдық округ әкімі, жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар қатысты. Бекет тәулік бойы қызмет атқаруға бейімделген. Ғимаратта өрт сөндіру техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, қызметтік және тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. Бөлімше қажетті техникамен, байланыс құралдарымен және арнайы киім-кешекпен жабдықталған.

Салтанатты рәсім барысында бекет құрылысына, жабдықталуына және жұмысын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Іс-шара аумақты көгалдандыру және абаттандыру мақсатында ағаш отырғызумен аяқталды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив