Қазгидромет 28-30 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді және боран соғады.
30 қарашада ел шығысында қалың қар күтіледі.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қарай түнде шығыста -7–12°С-қа дейін төмендейді.
Пікірлер