458.85 503.5 5.59
A+ A A-

ШҚО тұрғыны жоқ iPhone телефондарын сатқаны үшін сотталды

ШҚО тұрғыны жоқ iPhone телефондарын сатқаны үшін сотталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

31 жастағы облыс тұрғыны жарнама сайттарына iPhone смартфондарын сату туралы хабарландырулар жариялаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, ол адамдардың сеніміне кіріп, алдын ала төлемдер алған. Кейін оларды бұғаттап, тауарларды жеткізуден бас тартқан. Ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсады. 
Ол барлығы 4 адамды алдады. Оның ішінде кәмелетке толмаған бала жасөспірім де бар. Төрт жәбірленушіге жалпы сомасы 1 050 000 теңге шығын келтірілді.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды.
Жәбірленушілердің залал туралы азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив