Облыс орталығындағы Протозанов көшесінде жарық істен шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үлбі көпіріне баратын екі бағытта да көше шамдары сөніп тұр. Бұл жағдай жүргізушілерді алаңдатуда.
– Қазір қараңғы ерте түседі. Сағат 16:00-ге қарай түк көрінбейді. Мен көлік жүргізіп келе жатып, аяқ астынан біреу жолға шығып қала ма деп қорқамын. Себебі, ештеңе көрінбейді. 1 апта болды бұл көшеде жарық жоқ, - деді қала тұрғыны Валерия.
Шаһар тұрғындарының сөзінше, Крылов көшесінде де, Астана көшесіне апаратын көпірде де шамдар сөніп тұр.
Қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері шамдардың дүйсенбіден бері сөніп тұрғанын және қазір зақымдалған жерді тауып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жарықтандыруды желтоқсанның басында қалпына келтіру жоспарланған.
Пікірлер