Аймақта ауа-райының күрт бұзылуына байланысты 1 желтоқсаннан бастап қысқа қамданбаған жүргізушілер айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдағы күндері жауын аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер қауіпсіздік шараларын алдын ала сақтауы қажет.
Полиция жүргізушілерден жазғы шиналарды қысқыға ауыстыруды кешіктірмеуін сұрады.
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналармен жабдықталмаған көліктерді басқаруға тыйым салынады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, бұл бұзушылық бойынша 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Пікірлер