458.85 503.5 5.59
A+ A A-

ШҚО әкімі жөндеуден өткен «Изумрудный» шипажайына барды

ШҚО әкімі жөндеуден өткен «Изумрудный» шипажайына барды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданындағы «Изумрудный» шипажайына барып, мұнда жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысты. Таулы Үлбі ауылында орналасқан шипажай өңірдің туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып келе жатқан демалыс орындарының бірі. 2000 жылы негізі қаланған нысан бүгінде емделуге, сауықтыруға және табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шипажайда қонақтардың жайлы демалысы үшін жағдай жасалып, инфрақұрылымы жаңартылды. Осында емдік-сауықтыру процедуралары, массаж, физиотерапия, пантамен, балшықпен емдеу, түрлі ванналар мен басқа да қызметтер ұсынылады. Сонымен қатар белсенді демалысқа арналған спорт алаңдары, бассейн, балалар ойын алаңы және балық аулауға мүмкіндік бар.

Аймақ басшысы шипажайдың жұмысымен танысып, туризм саласын дамытуда осындай кәсіпкерлердің еңбегі маңызды екенін атап өтті.

- Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті зор. Бізде табиғаттың бірегей көрікті жерлері, тау, орман, көлдер мен туристерді қызықтыратын демалыс орындары көп. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, туристік инфрақұрылымды дамыту - маңызды міндеттердің бірі. Бұл ретте өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, аймақтың дамуына үлес қосып жүрген шығысқазақстандық кәсіпкерлердің орны ерекше. Александр Чиликин сияқты еңбекқор азаматтардың арқасында туризм саласы одан әрі дамып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деп сенемін, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сапар аясында облыс әкімі Александр Чиликинге Президент Жарлығымен берілген «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. 

Айта кетейік, «Изумрудный» шипажайы бүгінде табиғат аясында демалып, денсаулығын нығайтқысы келетін жандарға қызмет көрсетіп келе жатыр. Онда әр түрлі санаттағы 27 нөмір бар. Мұндай нысандардың дамуы Шығыс Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыра түседі.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив