Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданындағы Черемшанка ауылына іссапары барысында ауданның туризм саласын тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, биылғы жарты жылдықта ауданға 37 600 турист келді.
- Глубокое ауданында 2028 жылға дейін 5 жоба жүзеге асырылмақ. Оған 4,6 миллиард теңге көзделген. Соның ішінде “Заречье” туристік базасын кеңейту, “Алтай алпісі” тау-шаңғы курортында қонақ үйлер, жылы орындықтар, бебби-лифт, арқанжол салу, Секисовка ауылында балық аулауды ұйымдастыру, Таулы Үлбіде SPA-қонақүйлер салу жоспарланған, - деді ол.
Сондай-ақ Нұрымбет Аманұлы туристік саланы дамыту үшін аудан әкімдігіне бірқатар тапсырма берді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер