Аудан орталығындағы Советская көшесі енді Шұғыла деген жаңа атаумен аталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Глубокое ауданының әкімдігі Глубокое кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы құжат жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 2-тамызындағы ШҚО ономастикалық комиссиясының қорытындысы бойынша және Глубокое кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, көшенің Советская атауын Шұғыла көшесі деп қайта атау туралы шешім қабылдан.
Фотосурет: el.kz
Пікірлер