Степное ауылындағы тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Эльдар Тумашинов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
- Степное ауылында қайғылы оқиға болды. Ауыл тұрғыны Айман Жилкаштың үйі өртке оранып, анасын құтқармақ болған бауыры Қайнар оқиға орнында қаза тапты. Қазір отбасы баспанасыз қалды және шұғыл көмекке мұқтаж. Мен оқиға орнына барып, зардап шеккен отбасыға көмек көрсету бастамасын қолға алдым. Аудан әкімдігі тарапынан көмек көрсетілетін болады, алайда ауыр жағдайдан шығу үшін әлі де көмек қажет, - деді аудан әкімі.
Ол жерлес кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарын отбасыға қарайласып, қол-ұшын созуға шақырды.
Фотосурет: Instagram.com/eldar.tumashinov.official
Пікірлер