Глубокое ауданы Опытное поле ауылында тұратын әйел адам жолда жатқан дала бүркітін көріп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстың қанаты жараланғаны байқалған.
«Ауыл тұрғыны бірден полицияға хабарласты. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері Ержан Тащанов келіп жетті. Содан соң құс Өскемендегі ветеринарлық клиникаға жеткізілді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Енді құс қаладағы Сол жағалау саябағында орналасқан хайуанаттар бағында оңалтуға жіберіледі.
Пікірлер