A+ A A-

talgatzhan 31 5-12-2024, 17:15 0

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады

Марқакол / Бүгін

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Төтенше жағдай департаменті бастығы және өзге де мамандар бірнеше аудан аумағын әуеден барлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалар осы уақытқа дейін Глубокое, Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарын қамтыды.
– Бүгін Марқакөл ауданында мониторинг жалғасын тапты. Облыстық инженерлік жұмыстар жоспары аясында мұнда Қара Ертіс өзеніндегі бөгетті нығайту, сондай-ақ Орта Теректі өзені бөгетіне көп факторлы тексеру және қауіпсіздігін декларациялау жұмыстары жүргізілді, – делінген ақпаратта.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Қалжыр өзеніндегі жағалауды нығайту, арнаны түзету және тазарту және Қалжыр өзеніндегі «Алкым» учаскесіндегі бөгетті күшейту жұмыстары жүргізілуде.
– Су тасқыны-ең жауапты және шиеленісті кезеңдердің бірі. Біздің бірлескен міндетіміз - адамдарды қорғау және залалды азайту. Өңірде ауа-райы өте құбылмалы. Сол себепті, су тасқыны жағдайына және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын меншік иелері мен ұйымдардың суды жіберудің белгіленген режимдерін сақтауына тұрақты негізде бақылау жүргізу қажет, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.    

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив