A+ A A-

talgatzhan 0 1-06-2025, 10:30 0

Риддерде «Әйгерім» саябағы ашылды

Риддер

Балаларды қорғау күні қарсаңында бұл бір тамаша сыйлық болды. Көпшілік жаңа демалыс орны «Әйгерім» саябағының салтанатты ашылуының куәсі атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Саябақтың ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары – Қаныбек Төлеухан, «Аманат» партиясы Риддер қалалық филиалының төрағасы – Әсем Ағажаева, сондай-ақ қоғам белсенділері, мәдениет  саласынының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабир Кагарманов та бүлдіршіндерді құттықтап келді. Саябақтың өзі қай жерде десеңіздер, өз алдына аңызға ие, Матренин Соколок аталатын жотада орналасқан. Сөйтіп балалар саябағы толықтай жаңартылды. Бірнеше күн бұрын әкімдік өкілдері алдын ала шақыру билеттері мен хабарландыру дайындап, салтанатты шараның куәсі атаныңыздар деп көпке сауын айтты. Халық мол жиналды. Жиын басында сөз алған қала әкімінің орынбасары Қаныбек Қайратұлының сөзінше, жаңадан ашылып отырған «Әйгерім» саябағы – Риддер тұрғындары үшін маңызды нысан. 
– Бұл орын отбасылық демалысқа, спортпен шұғылдануға және табиғат аясында серуендеуге қолайлы. Осындай мереке қарсаңында қолданысқа беріліп жатқаны біз үшін де қуаныш, – деді ол. 
Жауапты тұлғалар сөзінше, саябақтың ашылуы қала инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Саябақтың ашылуына өз үлесін қосқан кәсіпкер Наталья Сагидуллина алдағы уақытта атракциондар санын көбейтуге ниетті екендігін жетуізді.
– Әртүрлі ойын атракциондарын орнатқымыз келеді. Жаз айларында балалардың көңілді уақыт өткізуін қолға аламыз, жұмыс тоқтамайды. Тіпті, шет жақтан қонақтар келсе де, біліп, бірден осы жаққа келсе, едәуір бой жазып қайтады, – деді ол.
Шара қатысушыларға арналған концерттік бағдарламамен жалғасты. Айта кетерлік жайт, аттракциондар жұмыс істеп тұр. Мұнда шағын паравозға отырып қыдыруға да болады.
«Әйгерім» саябағының аумағында серуендеуге арналған жолдар, демалуға арналған орындықтар, балалар ойын алаңдары және жасыл желектермен көмкерілген тынығу аймақтары бар. Бұл орын қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Өз тілшіміз

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив