A+ A A-

talgatzhan 35 4-06-2025, 16:30 0

Риддердегі 12 көшенің төртеуі жөнделді, қалғаны қашан аяқталады?

Риддер / Бүгін

Қала басшысы Думан Рахметқалиев бірнеше көшені аралап, қай аумақтар асфальт төсеуді қажет ететіндігімен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір әр жерде техникалардың жұмыс жүргізіп жатқанын көру қиын емес. Дегенмен кейбірі кестеден кешігіп жатқан сыңайлы. Думан Есдәулетұлы қалалық аппарат басшысына жоспарға енген 12 көше бойынша кесте құрып, асфальт төсеу жұмысының уақтылы аяқталуын қадағалауды тапсырды. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Рауан Құрметұлының сөзінше, төрт көше жолына асфальт төселді. 
– Қалғанын аяқтау үшін екі апта уақыт жетеді. Бізде тек бір көшеде, Ульбстрой жақта шұңқырларды жамау жұмысы қалды. Водоканал жақ жоспарға сәйкес, жұмыстың басқа типіне жатады. Бірақ оны да шұңқырларды жамау бойынша аяқтаймыз. Қазірдің өзінде 51 млн теңгег келісімшарт жасасып қойдық. Соның 39 млн теңгесі іске жаратылып, шұңқырлар бітелді. Қалған 11 млн теңгеге апаттық жұмыстарды жоюды жоспарладым, – деді бөлім басшысы.
Бір учаске қиындық туғызып тұр. Рауан Құрметұлының сөзінше, Ульбастрой мен республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі аралығындағы жол нашар. Думан Есдәулетұлы сөйлемді түзетіп, ол жердегі аралықтың «өте нашар» екенін айтты. Сондықтан Рауан Құрметұлы ол жерге шұңқырларды жамаудың орнына толық асфальттау дұрыс екенін алға тартты. Қала басшысы да мұны қолдады. Нақты айтсақ, жоғары бөлігіндегі төсемді алып тастап, жаңадан асфальт төсемек.
Ал әкім арнайы барған Клара Цеткин көшесіне қиыршық тас төгілген. Алда асфальтталады. Одан бөлек, Гагарин көшесіндегі тротуарға да шілде айына шейін тасжол төселеді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив