A+ A A-

talgatzhan 16 27-06-2025, 17:30 0

Топ бәйге, аударыспақ, қыз қуу: Риддерде ұлттық спорт түрлерінен ауқымды жарыс өтеді

Риддер / Бүгін

Тұңғыш рет қолға алынып отырған I ұлттық “Атамұра” ойындары бағдарламасына арқан тартыс, шырға тарту, қазақша күрес те енген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жуықта Катонқарағай жерінде өткен Халықтық спорт ойындарында риддерлік жігіттер жүлдемен қайтқан еді. Әсіресе, қазақша күрестен бұйырған екі алтын, аударыспақтан Еркебұлан Төлеухановтың жарқын жеңісі және білекті жігіттердің көкпардан алған үшінші орыны тыңғылықты дайындықтарын көрсетті. Қысқасы, бұл жақта ұлттық спорт түрлері едәуір қарқын алып үлгерді. Ал осы жолғы бәсеке шілде айының 12-і күні өтеді. 
–  Бұл күні аңшылық дәстүр көрмесі, ұлттық қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары, садақ және асық ату өткізіледі. Одан бөлек, қымыз бен бауырсақтан дәм татқызамыз, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен түрлі тағам көпшілікке ұсынылады. Отбасымен келіп тынығып қайтуға болады, – делінген әкімдік ұсынған ақпаратта.
Жаппай жүгіруге қатысып iphone, одан бөлек, тағы 15 бағалы сыйлық ұтып алуға болады. Кешкі сағат 17:00-де марапаттау рәсімі, әрі қарай тұрғындар мен қала қонақтары концерт тамашалайды. Ол біткен соң би кеші.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив