A+ A A-

talgatzhan 24 27-06-2025, 16:00 0

Риддердегі жалғыс соғыс ардагері 101 жасқа толды

Риддер / Бүгін

Қала басшылығы майданда ерлікпен шайқасып, бүгінде талай адамға үлгі болып отырған Павел Альбоханы құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала тұрғындары оны аңыз адам деп атайды. Ерлігін әркез мақтан етеді.
— Бүгін біз Ұлы Отан соғысының құрметті ардагері Павел Прокофьевичті 101 жасқа толуымен шын жүректен құттықтадық. Оның өмір жолы қаламыздың ғана емес, бүкіл еліміздің тарихымен тығыз байланысты. Жастайынан-ақ ол өз өмірін Отанға қызмет етуге арнады. Майданда да, бейбіт өмірде де ерекше ерлік, еңбекқорлық пен туған жерге деген шексіз адалдық танытты, — делінген ақпаратта.
Павел Альбоха жай ғана батыр емес, көп адам үшін жеңімпаздар буынының тірі куәсі әрі өткен ұрпақпен тікелей байланыс символы. 
— Оның өмір жолы, төзімділігі мен рухани беріктігі — бәрімізге үлгі, шынайы шабыт көзі. Қадірлі ардагерге шын жүректен зор денсаулық, жан тыныштығы, жақындарының қамқорлығы мен бейбіт аспан астында ұзақ ғұмыр тілейміз! — деді әкімдік өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив