A+ A A-

talgatzhan 0 25-06-2025, 12:30 0

Риддерде үздік қызметшілер марапатталды

Риддер

Республикада маусым айының 23-і күні екі маңызды кәсіби мереке аталып өтеді: Полиция және Мемлекеттік қызметкерлер күні, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала көлемінде еңбек өтілі  10-20 жыл, тіпті одан асқан тәжірибелі мамандар аз емес. Ендеше олар басшылық пен әкімдік тарапынан елеусіз қалмауы тиіс.
1992 жылы заң негізінде пайда болған Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Ел тағдырына алаңдайтын әділет пен заңның шырақшысы бола білген жандарға деген құрметтің белгісі. Полиция қызметкерлерінің еңбегі — батылдықты, табандылықты, кәсібилікті талап ететін жауапты жұмыс. Олар күн сайын қоғам тыныштығын күзетіп, құқық бұзушылықтың алдын алып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 
2013 жылы Президент  Жарлығымен 23-ші маусым Мемлекеттік қызметкерлер күні болып бекітілді. Мемлекеттік қызмет – ел басқарудағы негізгі тірек. Олар арқылы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салалары жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі мен жауапкершілігі еліміздің дамуына,  халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сол себепті, мемлекетке қызмет етемін деп келген әрбір жан елге адал қызмет етіп, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Мемлекет пен қоғам  мүддесін қорғап жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісі бола білген мемлекеттік қызметкерлердің еңбектері – ұлттымыз бен еліміздің нығаюына тікелей әсер ететін құрметті міндет. 
Риддер әкімі Думан Рахметкалиев жуықта ашық аспан астында өткен салтанатты жиында тәртіп сақшылары мен мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, олар арқалаған жүк ауыр екенін атап өтті. 
– Бұл қос мереке – ел дамуы мен тыныштығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегіне деген зор құрметтің белгісі. Халық пен билік арасындағы сенімнің үлгісі: мемлекеттік қызметкерлер ел дамуының тірегі болса,  полиция қызметкерлері қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Осы ортақ міндет – бізді біріктіреді, – деді ол. 
Мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің алғыс хатымен  бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың ішінде әкімінің аппараты ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы Маржан Әлсейітова, қалалық экономика және қаржы бөлімі бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас маманы Ольга Старицкая және көптеген қызметкер бар.

Өз тілшіміз

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив