A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 15:00 0

Мәреге «Малыш» бірінші жетті: Риддердегі ұлттық ойындар аясында өткен топ бәйге несімен есте қалды?

Риддер / ШҚО

Алыс-жақыннан келген көрермен жауған жаңбыр жерді батпаққа айналдырғанына іштей қапалы еді. Бұрылыстарда ат сүріне ме деп қорықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Топ бәйгеде сөреге тізілгені – бас-аяғы он жүйрік. Шабандоздары бірыңғай сары жейде киген. Жартысы нәзік жандылар. Көпшіліктің қызыға тамашалуының бір себебі осы. Өйткені, бұрымдылардың атқа мінісі өзгешелеу: ерге отырмайды, аяқтарын үзеңгіге тірейді. Үш айналымнан кейін төрт жігіт топтаса шауып, олардың ізін ала үш бұрымды арақашықтықты сақтап отырды. Қалған үшеуі едәуір артта. 
Ең бірінші болып 4-ші нөмірлі шабандоз қыз айналымнан шығып қалды. Сәлден соң 11-ші нөмірлі қатысушы көрермен қатарын толықтырды. Ол да қыз. Бастапқыда бірінің жолын бірі аз-кем кес-кестеп үлгерген жігіттер үнсіз ғана шауып барады. Жарыс жолы қылқұйрықтылар үшін ауыр болғаны айналым сайын көрсеткен нәтижелерінен анық байқалды. Әуелде орта есеппен 1 минут 15 секунд нәтижесін көрсеткен жүйріктер бесінші айналымнан бастап сәл баяулады. Барлығы сегіз айналым. Жеті айналымнан соң жергілікті Екатерина Худякова мінген «Малыш» алғашқы үштіктің қатарында болатын. Мәреге таяғанда қарсыластарынан қара үзіп, бірінші орын алды.
Айта кетер жайт, Екатерина сегізінші айналымды 1 минут 30 секундта бағындырды. Рауан есімді жігіт мінген «Құлпынай» екінші, Махамбет Құдайбергенов тізгіндеген тағы бір «Малыш» үшінші келді. Жеңімпаз 500 мың теңгеге, қалған жүлдегерлер сәйкесінше, 300 және 200 мың теңгеге ие болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив