A+ A A-

talgatzhan 0 25-07-2025, 16:00 0

Риддерде жіті ішек инфекциясын қанша адам жұқтырған?

Риддер / Бүгін

Ресми ақпаратпен ​қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы өкілдері бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандар жағдай бірқалыпты деп отыр. Алты айда жіті ішек инфекциясымен 75 адам жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған.
– Соның ішінде 12 тұрғында  жіті ішек жұқпасы диагнозы расталды (и.т.23.5). Өткен жылдың осы кезеңіде жіті ішек инфекциясының 5 жағдайы тіркелген (9.7). Сырқаттанушылықтың 7 жағдайға өсуі байқалады, – делінген ақпаратта.
Қуанышқа орай, дизентерия ауруы тіркелген жоқ. Былтыр да бірде-бір жағдай тіркелмеп еді. Бірақ бұдан басқа да сырқаттар бар. Айталық, сальмонеллездің 1 жағдайы тіркелді.
– Өткен жылы төрт жағдай болған. Осыған қарап биыл былтырға қарағанда жағдай реттелді деуге болады. Жіті ішек инфекциясы құрылымында этиологиясы анықталған гастроэнтериттер – (16,7) 2 жағдай, этиологисы анықталмаған гастроэнтериттер – 83,3% құрайды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 8, ересектер – 4, – деді жауапты басқармадағылар.
Кімде-кім аты жаман инфекция жұқтырып алса, ет өнімдері мен жуылмаған жеміс-жидек соның басты себептерінің бірі болуы мүмкін. Одан бөлек, балық өнімдері, үйде дайындалатын басқа да тағамдар осыны өршітуі кәдік. 
– Өткен кезеңде Риддер қаласы аумағында топтық инфекциялық сырқаттанушылық пен сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен байланысты сырқаттанушылық фактілері тіркелген жоқ, – делінген ақпаратта.

Фотосурет Ortalyq.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив