A+ A A-

talgatzhan 50 8-08-2025, 10:00 0

Риддер әкімдігі «Сокол» стадионы неге жөнделмейтінін айтып берді

Риддер / Бүгін

Негізі ауқымды деңгейдегі сайыстың біршамасын осы жерде өткізсе көп-көрім. Көршілес елдер де мұндағы стадионды әжептәуір біліп қалды. Ал қазір мұндағы көптеген бапкер, спортшылар мен тұрғындар қала әкімдігі тезірек жөндеп берсе деген тілек білдіріп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бірақ бірнеше жыл бұрын стадион қайта жаңғыртудан өткен-тін. Жұмысты соңына дейін апару үшін қаржы жетпеген болатын. Сондықтан болар, біраз уақыттан соң спорттық нысанның сұрқы қайтадан қаша бастады. Қазір бұл жерде трибунадағы орындықтар сынған, жеңіл атлетика жолағы мен футбол жабынын ауыстыру керек. Сосын суы жоқ, апаттық жағдайдағы электр желісі орналасқан әкімшілік ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізген жөн. 
Алысқа бармай-ақ стадион атауы жазылған бетон аркаға көз салайық. Әбден кетеуі кеткен. Оның бойында Гагарин көшесі бар, көліктер сәт сайын үздіксіз қатынайды. Туризмді былай қойғанда, спорт жыл сайын дамып келеді мұнда. Соған қарамастан жібі түзу стадион жоқ.
«Сокол» стадионын қайта жаңғырту жобасы 2021 жылы әзірленген болатын. Ал соны іске асыру үшін 1,3 млрд теңге қажет делінгенде өңірдегі шенеуніктер тым қымбат деп айтты. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығындағылар республикалық қазынадан мұндай қаражат тарта алмайтындарын ашып айтты. Енді қайтпек керек? Аздан соң табиғи газонды жасандыға ауыстыру арқылы жоба құнын төмендету идеясы айтылды. Бірақ бұл ой жүзеге аспады. Сәтсіздіктің себебі неде екенін Риддер әкімдігінен біліп көрдік.
– «Сокол» стадионы кезінде Дене шынықтыру және спорт басқармасы балансына берілген болатын. Яғни, аумақтық тұрғыда бізге тиесілі, бірақ заң жүзінде облысқа қарайды. Сол себепті біз, қала әкімдігі өкілдері, ол жерге кіріп жөндеу жүргізе алмаймыз. Осыған байланысты стадионды өз теңгерімімізге алу жағын қарастырып жатырмыз. Солай етсек, кейін толық қайта жаңғырту жүргізе аламыз, – деді қала әкімінің орынбасары Қаныбек Төлеухан.

Фотосурет YK-news.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив