Жауапты тұлғалар сөзінше, сыбайластық саясаты мен заң қазір профилактикалық шаралар жүргізуге мол мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған дейінгі жиындарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов жемқорлық фактілері қалаларда көп тіркелетінін баса айтқан болатын. Айталық, Өскеменде халық саны да, мемлекеттік қызметшілер де өңірдегі өзге қалалар мен аудандарда едәуір көп.
– Жағдай ушығып тұрмаса да, ара-тұра аудандардан түскен белгілерді байқаймыз. Салыстырмалы түрде алып қарағанда, Ұлан, Глубокое аудандарында жемқорлық тәуекелдері жиі тіркелді. Сыбайластық саясаты мен заң қазір бізге профилактикалық шаралар жүргізуге мол мүмкіндік беріп отыр. Тәжірибе көрсеткендей, тек жазалау шараларымен мәселелердің шешімін табу қиын, – деді департамент басшысы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Пікірлер