Бұл мәліметпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшылығы бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Келеңсіз жайттар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде болған. Мәлім болғандай, өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі еңбек және әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Соның нәтижесінде, мүгедектік дәрежесін беруге байланысты куәландырудың бастапқы кезеңдерінде, сондай-ақ «декреттік» төлемдерді тағайындау кезінде жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
– Атап айтқанда, бала тууына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерді арттыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін формальді түрде тіркеу фактілері анықталды. Осылайша, қызметі өте қысқа мерзімге (1 айдан 5 айға дейін) тек қаржылық артықшылықтар алу үшін тіркелген 780 жеке кәсіпкер анықталды. Мысалы, қала тұрғынына бала өмірге келген кезде жалпы сомасы 2 миллион теңге біржолғы төлемдер бекітілген, – деді департамент басшысы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Пікірлер