Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған медициналық орталығы (№1 қалалық аурухана) TikTok желісінде жарияланған сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл мәлімет расталмаған дереккөзден алынған және нақты дәлелдерге негізделмеген. Орталық басшылығы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, қызметтің ашықтық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатынын және барлық тексерулерге дайын екендігін мәлімдеді.
– Әлеуметтік желілер арқылы азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз. ШҚО ПД "Киберпол" соққы-нысаналы тобы осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – делінген хабарламада.
Фотосурет: www.gov.kz
Пікірлер