A+ A A-

talgatzhan 53 Бүгін, 16:35 0

Риддердегі ауқымды фестивальға республиканың әр түкпірінен меймандар келеді

ШҚО / Риддер

Қала әкімдігі өкілдері жуықта негізгі ақпарат ұсынған болатын. Бұл жолы шараның нендей ерекшелігі бар екеніне толығырақ тоқталдық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анығы сол, жарыс бағдарламасына арқан тартыс, шырға тарту, қазақша күрес, топ бәйге, қыз қуу, аударыспақ кіреді. Сосын жаппай жүгіруге қатысып, iPhone, одан бөлек, тағы 15 бағалы сыйлық ұтып алуға болады. Кешкі сағат 17:00-де марапаттау рәсімі, әрі қарай тұрғындар мен қала қонақтары концерт тамашалайды. Ол біткен соң би кеші.
Редакцияға ең бірінші жеткен ресми ақпарат осы. Кейінірек қай жақтардан қонақтар шақырылғаны белгілі болды. Қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Қанат Оралбектің сөзінше, бұл күні Шығыс Қазақстаннан бөлек, Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы қаларының спортшылары мен қонақтар қызықты шараның куәсі атанады. Демек, жан-жақтан жүйріктер мен жүрісті ат, желаяқтар мен палуандар келуі мүмкін. Әнші Ерболат Құдайбергенов, ақын Ершат Қайболдин де өз өнерлерін ортаға салмақ. Жаппай жүгіруге қатысқандар бағалы сыйлықтар ұтып алулары мүмкін.
– Жүгіру 1 шақырым 200 метр қашықтықта жалғасады. Тіркелу басталып кетті. Бірақ сайыс болатын күні де жалғаса береді. Жарысқа дейін әр қатысушыға нөмір беріледі. Жаппай жүгіру біткен соң сол реттік нөмір бойынша лотерея ойнатылады, – деді бөлім басшысы.
Сосын бұл күні фестиваль өтетін Шаравка ауданына автобус жүретін болады. Автокәсіпорын әкімшілігімен кеңесе келе, бірнеше қоғамдық көлік қонақтарды сол жаққа тасымалдайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив