A+ A A-

talgatzhan 17 11-07-2025, 12:30 0

Осинов асуынан айналма жол құрылысы биылғы күзде аяқталады

ШҚО / Алтай

Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін туристік маршруттың маңызды бөлігі — Осинов асуынан айналма жолдағы құрылыс жұмыстары толық аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов туристік маусымға қатысты өткен кеңесте хабарлады.

Кеңес барысында жаңа жол пайдалануға берілгеннен кейін танымал «Думан» кафесінің орны өзгеруі мүмкін екені де айтылды. Мұндай шешім жол қауіпсіздігі мен туристердің жайлылығы үшін қабылданып отыр.

Сонымен қатар, алдағы уақытта ШҚО-дағы туристік трассалар бойында санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылмақ. Облыс әкімі олардың тұрақты қызметін және тазалығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив